Қызылорда қалалық «Нұр» мешітінің ұйымдастыруымен «Ораза – ихсан көрінісі» тақырыбында семинар өтті.
Қаланың орталық мешітінде өткен семинар ерлер және әйелдер жамағатына арналды. Ерлер қауымына «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің наиб имамы Мағжан Өмірбеков, әйелдерге «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұстазы Сыдықова Ләззат семинар өткізіп, ораза ұстаудың артықшылығы мен пайдасы жайлы түсіндіріп, оразаның шарттарына тоқталды.
Сонымен қатар Аллаға махаббат жайында ғибратты әңгімелер айтылып, тақырып аясында сұрақ-жауап ойыны ойнатылды.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
aqmeshit.kz
05.04.2022
2624
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру