Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шетел тілін білетін үздік студент анықталды

Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі nmu.kz 05.04.2022 2782 0 пікір
Шетел тілін білетін үздік студент анықталды

Нұр-Мүбарак университетінде «Шетел тілін үздік білетін студент» республикалық дарынды жастар сайысы өтті. Білім бәйгесіне еліміздің 9 жоғары оқу орнынан 13 студент қатысып, өзара бақ сынады.

Алқалы жиында алғысөз сөйлеген ректор, профессор Мұхаммад аш-Шаххат көптілділіктің артықшылығы мен мүмкіндіктеріне тоқталып, осы бағытта білімін шыңдап жүрген жастарға сәттілік тіледі.

Жүйріктер арасынан тұлпарларды анықтауға университеттің оқытушы-профессорларынан құралған қазылар алқасы және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дан PhD докторы Данель Қарақойшиева тәуелсіз сарапшы ретінде қатысты. Үміткерлер ағылшын және араб тілдерінен үздік номинациялары бойынша 4 кезеңнен тұратын сайыстан өтті:

1) «Менің мамандығым» тақырыбына үй тапсырмасы;

2) Араб және ағылшын тілдерінде мәтінмен шығармашылық жұмыс;

3) Ағылшын және араб тілдері грамматика деңгейі;

4) Қазақстанның көрнекті орындары жайлы мәтін дайындау.

Араб тілінен 5 студент арасынан Нұр-Мүбарак университетінің 1-курс студенті Хайрол Нұрахмет «Араб тілін үздік білетін студент» номинациясын жеңіп алды. Ал ағылшын тілі бойынша Нұр-Мүбарак университетінен Хайрулла Фархадали мен СДУ студенті Алиева Амина үздік деп танылды. Жеңімпаздарға 100 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық табыс етіліп, барлық қатысушыларға арнайы сертификат пен сый-сыяпат жасалды.

Сайысты ұйымдастырушы НМУ Жалпыуниверситеттік гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі Дариға Қапасова сайыстың мақсаты дарынды жастарды қолдау болғанын атап өтті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру