Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы «Ұранхай қажы» мешіті қасиетті Рамазан айында арақ-шарап сатпау оны мүлде тұтынбау туралы сауда дүкендеріне осындай үндеу таратты.
Игі бастама халықтан зор қолдау тауып, өңірдің қала, аудан, ауылдарында арақ-шарап сатуды уақытша доғарған дүкендер саны күн санап көбейіп келеді.
Осы игі бастаманы қолдаған Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылының кәсіпкерлерінің бірі: «Рамазан айында арақ-шарап сатуды тоқтаттық. Ораза кезінде бізде арақ сатылмайды. Бастама тұрғындар тарапынан қолдау тауып отыр» деп атап өтті.
Ораза кезінде кәсіпкерлер арақ-шарап саудаламай, қасиетті айда имандылықпен адамгершілік құндылықтарды, мұқтаждарға қайырымдылық жасап, иманды нығайту адам баласын бірден бір ізгілікке жол екендігі анық.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
furqan.kz
04.04.2022
2514
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру