Қажылыққа бару – әрбір мұсылманның арманы. Әрі қажылыққа Алла пендесін өзі шақырады. Қасиетті сапарды армандап жүргенде тосыннан баратын болып шықсаңыз қандай күйде боласыз?
Міне, дәл осылай тосыннан Алланың қалауымен болған шақыртуға Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының тұрғыны қуаныштан жүрегі елжілеп қоя берді. «Мойынқұм» мешіті жамағаты тарапынан Сәбит Арманұлына ұмра қажылық жолдамасы ұсынылды.
Қасиетті рамазан айының алғашқы күнінде берілген мұндай сыйлықты күтпеген Сәбит Арманұлы мешіт жамағаттарына шынайы ықыласпен алғысын білдірді.
«Алла жазса, Алдағы уақытта да осындай ізгі іс-шаралар жалғасын таба береді деп сеніммен айта аламыз» дейді жолдаманы табыстаған Мойынқұм ауданының бас имамы Рысбай Асылбекұлы.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі
asyldin.kz
04.04.2022
3451
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру