Қасиетті Рамазан айының басталуына орай Нұр-Сұлтан қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде жамағатқа арналған алғашқы ауызашар дастарханы жайылды.
Демеуші жандардың қолдауымен күнделікті 300 жанға арналып жайылатын тегін ауызашар дастарханы Рамазан айы бойы жалғасады.
Алғашқы ауызашар отырысына жиылған жамағатқа Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов құттықтау лебізін білдіріп, Рамазан айының қадір-қасиеті жөнінде насихат айтты. Сондай-ақ, «Әзірет сұлтан» мешітінің наиб имамы, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша діни сұрақтарға жауапты Темірлан Ибраев ораза жайында қажетті мағлұмат беріп, жамағат үшін пайдалы кеңестерін бөлісті.


















ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
muslim.kz
03.04.2022
3497
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру