Ақмола облыстық «Науан Хазірет» мешітінде жамағат арасында білім сайысы өтті.
Жарыс Имам ибн Касирдің «Пайғамбарлар қиссасы» кітабының негізінде өткізілген дәрістердің аяқталуына байланысты ұйымдастырылды. Сайыс 2 кезеңнен тұратын сынақ түрінде өтті. Бірінші кезеңде 20 сұрақтан тұратын тест нәтижесі бойынша 10 адам іріктелініп алынып, екінші кезеңде ұяшықтарды таңдап, көрсетілген сауалға белгілі уақыт ішінде жауап беру қажет болды.
Нәтижесінде 1-орынды Қазыбеков Бейбарыс жеңіп алса, 2-орын Сералиев Нұрболатқа, ал 3-орын Емешов Азаматқа бұйырды.
Сайыс соныңда жүлделі орын алған қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды.






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақмола облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
nasihat.kz
02.04.2022
3240
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру