Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырау: Махамбет ауданында мешіт ашылды

Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі amin.kz 01.04.2022 2980 0 пікір
Атырау: Махамбет ауданында мешіт ашылды

Қасиетті Рамазан айы қарсаңында Махамбет ауданы, Талдыкөл ауылында жаңа мешіт пайдалануға берілді.

300 орындық мешіт заман талабына сай көмкеріліп, жасақталған.

Мешіттің ашылу салтанатына арнайы қатысқан Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы жамағатты құлшылық үйінің ашылуымен құттықтады.

«Рамазан қарсаңында Атырау халқы қуанышты жаңалықпен қауышып отыр. Мешіттеріміз – тәрбие ошағы, ізгілік бастауы болып қала береді. Біз жүрегінде иманы бар, отаншыл ұрпақтың қалыптасуы үшін еңбек ететін боламыз» деп атап өтті бас имам.

Жаңа мешітке Қайрат Хайруллин имам болып тағайындалды. Заманауи мешіт – Құран оқу залы, намаз залы, білім алу залымен қамтылған. Мешіт жанынан имам үйі салынып жатыр.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру