Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Боранқұл ауылдық мешітінің имамы Рустамжон Одилұлына жамағат көлік мінгізді.
Дін қызметкерінің жұмысының қиындығын ескерген ауыл жамағаты қасиетті Рамазан айының қарсаңында Рустамжон Одилұлына ақ темір тұлпар мінгізді.
Іс-шараға Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы, Жаңаөзен қаласының бас имамы, РАНТ мүшесі Юнус Қадырқұлұлы және жергілікті тұрғындар қатысты.
Айта кетсек, былтыр Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Зекет» қорының Маңғыстау облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Ел үлесі – пәтерге» жобасының 404-ші баспанасы Рүстем имамның інісі Боранқұл ауылының имамы Құрбан Әділұлына бұйырған болатын.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі
beket-ata.kz
01.04.2022
4295
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру