ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы Алматы облысы Қапшағай қаласының орталық мешіт жұмысымен танысты.
Наиб мүфтиге мешіт тынысын Алматы аймағының бас имамы Қуаныш Бақытбекұлы таныстырып, атқарылған іс-шаралар мен Рамазан айына жоспарын баяндады. Мешіт жанындағы әлеуметтік дүкен тарапынан ай сайын қаланың тұрмыс жағдайы төмен 250 отбасына азық-түлік таратылып отыратынын, түрлі діни іс-шаралар жүйелі түрде атқарылып жатқанын тілге тиек етті. Орталық мешіттің бір ерекшелігі – Алла үйі ауласында мұсылман қауымға арнайы Құран бағыштайтын және неке қиятын киіз үй үлгісінде салынған ғимарат бар.
Бұдан кейін наиб мүфти қала әкімі Нұрлан Орынбасарұлының қабылдауында болып, ҚМДБ-ның атқарып отырған игі жұмыстары жайында баяндады. Қапшағай қаласына еліміздің біртуар азаматы Дінмұхаммед Қонаев атамыздың аты берілгеніне ризашылығын білдіріп, қала әкіміне ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жетекшілігімен жарық көрген «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабын тарту етіп, істеріне сәттілік тілеп, бата жасады.
Сондай-ақ Кенжеәлі Қоңыратбайұлы орталық мешітте жұма намазына қатысып, жиналған жамағатқа Бас мүфтидің Рамазан айымен құттықтау сәлемін жеткізіп, «Рамазан – кешірім айы» тақырыбында уағыз-насихатын айтты. Жұма намазынан кейін қала имамы Алдажар Сейітұлының дін саласындағы бірқатар еңбегіне тоқталып, атқарған істеріне оң бағасын берді. Ардагер имамның иығына шапан жауып, құрмет көрсетіп, көпшілікке дұға жасады.







ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Алматы аймағы өкілдігінің баспасөз қызметі
islamkaz.kz
01.04.2022
3227
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру