Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Түркістан: Жетісай ауданында мешіт ашылды

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі yassi.kz 01.04.2022 3950 0 пікір
Түркістан: Жетісай ауданында мешіт ашылды

Түркістан облысы Жетісай ауданына қарасты Жылы су ауылдық округінде жаңа мешіт ел игілігіне берілді.

Рамазан айы қарсаңында пайдалануға берілген «Ән-Нуур» мешітінің ашылу рәсіміне ҚМДБ төрағасының орынбасары, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы мен Жетісай ауданының бас имамы Жорабай Дулатбаев, сондай-ақ дін саласының мамандары, ардагерлер мен жергілікті тұрғындар қатысты. Өмірден өткен ата-баба рухына құран бағышталып, ас берілді. Жамағатпен бірге жұма намазы оқылды. Көпшілікпен бірге мешіт ауласына көшет егілді.

Мешіт құрылысына демеушілік жасаған ауылға белгілі азамат Пердебек қажы Бахтияров екенін атап өткен жөн. Ұрпақ қамын ойлап, елі үшін тер төккен азаматтың еңбегін бағалап, ағайын-туыс пен ауылдастары Пердебек Бахтияровтың иығына зерлі шапан жауып, астына ат мінгізді.

Бір мезетте 350 адамның еркін құлшылық етуіне мүмкіндік жасалған мешітте намазхана мен дәретхана, діни сауатын арттырушыларға арналған кішігірім кітапхана да бар.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру