Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Жетісу» арнасында «Иман нұры» тележобасы көрерменге жол тартты

Талдықорған қаласының орталық «Иман» мешіті taglym.kz 31.03.2022 2424 0 пікір
«Жетісу» арнасында «Иман нұры» тележобасы көрерменге жол тартты

Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасында жыл сайынғы үрдіс бойынша «Иман нұры» тележобасы көрерменге жол тартты.

Тележоба ҚМДБ жариялаған «Ислам – ынтымақ пен бірлік діні» жылы аясында он екі айдың сұлтаны болған қасиетті Рамазан айының артықшылығын ұлықтау мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Алғашқы эфирдің шымылдығын өңірдің бас имамы Алмас Сағидоллаұлы ашып, келіп жеткен ұлық аймен жетісулық көрерменді құттықтап, «Рамазан –ихсан айы» тақырыбында сөз қозғады. Бас имам жүргізуші мен көрермендердің сұрағына жауап берді.

Айта кетейік, тележоба 1 ай бойы жалғасын табады. Арнайы жоспар бойынша өңірдің барлық имамы көрерменнің көкейкесті сұрағына жауап береді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру