Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Түркістан: Жаушықұм ауылында мешіт ашылды

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі yassi.kz 31.03.2022 2840 0 пікір
Түркістан: Жаушықұм ауылында мешіт ашылды

Түркістан облысы Шардара ауданының Жаушықұм ауылдық округінде жаңадан заман талабына сай биік мұнаралы алтын күмбезді мешіт бой көтерді. 

Жеке кәсіпкер Алтынбек Қонаров ескі мешіт орнына жаңа құлшылық ордасының салынуына демеуші болып, ауыл тұрғындарын қуантты. Салтанатты рәсімде алдымен Құран аяттары оқылып, дұға жасалса, Шардара ауданы әкімінің орынбасары Нұрмахан Нартайұлы ауыл тұрғындарын көптен күткен мешіттің ашылуымен құттықтады. Сондай-ақ мешіт құрылысына демеушілік жасаған Алтынбек Құрманбекұлына ризашылығын білдіріп, аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлының атынан  алғыс хатпен марапаттады. 

Одан бөлек еңбек ардагері Рахым Көлбайұлы, аудандық қажылар қауымдастығының мүшесі Ислам Әуесұлы жиналған жұртшылыққа құттықтау сөздерін айтты.  Ал Шардара аудандық орталық мешітінің бас имамы Марат Асанов та ауыл тұрғындарының қуанышына ортақтасып, Түркістан облысының бас имамы Еркебұлан Қарақұловтың құттықтау сәлемін жеткізді.

«Мешітке кез келген адам ізгілік іздеп келеді. Мешіт – адамдарды мейірімділікке, сүйіспеншілікке шақыратын, бір-біріне қамқор болып, қол ұшын беретін, мұқтаж адамның жанына тыныштық табатын, сондай бір қасиетті ұлық мекен. Бұл – имандылықтың, білімнің, ғылымның ордасы» деді ол. 

Айта кетейік, мешітке тыл ардагері, қос дәуірдің куәгері, елге еңбегі сіңген, көпке қамқор болған Қонар Бегімбетовтің есімі берілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру