ҚМДБ Батыс Қазақстан облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен «Орал» орталық мешітінде қала және аудан мешіттері имамдарының кезекті алқалы жиыны өтті.
Жиында бас имам Бақытжан Құралбайұлы ҚМДБ Төралқа мәжілісінде талқыланған өзекті мәселелер мен ҚМДБ тапсырмаларына тоқталды.
Күн тәртібі бойынша мешіттер мен дін қызметкерлерінің Рамазан айын жоғары деңгейде атқару үшін осы бастан дайындық жұмыстары пысықталды. Жоспарға сәйкес, мешіттердің қарилармен қамтылып, хатым Құран жасалуын, тарауық намазының үзбей оқылуын бақылау тапсырылды. 30 күн бойы ауызашарлардың тұрақты берілуін, «Балалар жылына» орай ерекше жобалар мен түрлі форматтағы іс-шаралардың ұйымдастырылуын қадағалау керектігі айтылды. Сонымен қатар «Ел үлесі – пәтерге» жобасына үлес қосып, қайырымдылық жұмыстары жүйелі түрде өткізілуі тілге тиек етілді.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
БҚО бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі
islam-oral.kz
30.03.2022
2201
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру