Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Түркістан: Аудан әкімімен кездесті

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі yassi.kz 30.03.2022 2474 0 пікір
Түркістан: Аудан әкімімен кездесті

Түркістан облысы Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев аудан бас имамы Үсен Саурбаевты қабылдап, бірқатар маңызды мәселені талқылады.

Кездесуде аудандағы діни ахуал, атап айтқанда, имамдарды әлеуметтік тұрғыдан қолдау, деструктивті діни ағымда жүрген азаматтарды қоғамға бейімдеу, жастарға дұрыс діни ақпарат беру, халыққа дін мен дәстүр сабақтастығын насихаттау, мешіттерді бірыңғай үлгімен қазақы нақышта салу және ашылғалы жатқан мешіттердің ашылу шарасында қазақы ұлттық нақыштағы жоралғылармен байланыстыра отырып өткізу сынды мәселелер сөз болды.

Алдағы уақытта аудан әкімшілігі тарапынан имамдарға қолдау болатынын сөз еткен аудан әкімі ел игілігі үшін бірлікте қызмет атқаруға шақырды.

«Имамдарымыз қашан да ел игілігі үшін қызмет ете береді. Кешегі қаңтар оқиғасы кезінде де дін қызметкерлері жергілікті әкімшілік қызметкерлерімен бірлесе ел алдына шығып, халықты сабырға шақырып, қайраткерлік танытты» деді Төлеген Тұртайұлы.

Кездесу соңында аудан әкімі мен имаммен алдағы уақытта жоспарлы түрде бірқатар іс шараларды бірлесіп өткізуге уағдаласты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру