Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Талдықорған: Тікелей эфирде брифинг өтті

Талдықорған өңірі өкілдігінің баспасөз қызметі 29.03.2022 2084 0 пікір
Талдықорған: Тікелей эфирде брифинг өтті

Алматы облысының орталық баспасөз алаңында ҚМДБ Талдықорған өңірінің бас имамы Алмас Данағұлов тікелей эфирде өткен «Қош келдің, Рамазан!» тақырыбындағы брифингке қатысып, БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

Брифингте Алмас Сағидоллаұлы жетісулық жұртшылықты он екі айдың сұлтаны, қасиетті Рамазанның басталуымен құттықтап, қасиетті айда өңір мешіттерінде атқарылатын шаралар жайлы атап өтті.

«Рамазан айында Талдықорған өңіріндегі мешіттерде оқыту-ағарту бағытында Құран әліппесі, тәжуид, руханиятты көтеру бойынша уағыз-насихат жұмыстары жүргізіледі. Одан бөлек өңір бойынша кешкі уақыттарда барлық мешіттерде тарауық намаздары оқылады. Тарауық намаздарын осыдан 3 жыл бұрын ашылған аймақтағы қарилар орталығының шәкірттері жүргізеді. Алла қаласа, Рамазан айында Құранды толық хатым етеміз» деді Алмас Сағидоллаұлы.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру