Қордай ауданы Қаракемер ауылдық мешітінде Нұр-Мүбарак университетінің оқытушысы Оралхан Сейдманов насихат жүргізді.
Білікті ұстаз қасиетті Рамазан айы туралы, нағыз ораза және оның дұрыстығы жайлы баяндады. Ол өз сөзінде оразаны асқазанмен ғана емес, барлық мүшемен ұстаудың маңыздылығына, қабыл болуының белгісі мен шарттарына тоқталды.
Сонымен қатар қазіргі қоғамдағы ораза ұстаушылардың оразасы мен Аллаға ұнамды ораза қандай екенін нақтылап берді. «Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде кім сене отырып, сауабын Алладан күтіп, Рамазан оразасын тұтса, өткен күнәлары кешіріледі», – деген. Ораза – бізді дүниеде жамандықтардан сақтайтын, ақыретте жәһаннамнан қорғайтын және күнәларымыздың кешірілуіне себепші болатын маңызды ғибадат», – дей келе көпшіліктің сауалдарына жауап берді.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі
asyldin.kz
29.03.2022
3324
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру