Атыраудағы Қажымұқан Мұңайтпасов мешітінде Құран байқауы өтті. Байқауға жамағат пен шәкірттер қатысты.
Үміткерлер «Дұха» мен «Нас» аралығындағы сүрелерді жатқа айту және мәнерлеп оқу бойынша сынға түсті.
Құран жарысына қатысушы үміткерлердің білімін «Иманғали» мешітінің ұстазы Еркебұлан Сержанұлы мен Қажымұқан Мұңайтпасов мешітінің имамы Айтжан Абдиров сарапқа салды.
Байқау нәтижесінде, бірінші орынды (100 000 теңге) Аслан Сандыбеков жеңіп алса, екінші орынды (70 мың теңге) Мамыр Мұхамеджан, үшінші орынды (50 мың теңге) Сатымғұл Айболат иеленді.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі
amin.kz
29.03.2022
2462
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру