ҚМДБ Діни білім және кадр дайындау бөлімі мен Ақтөбе медресе-колледжінің ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласында еліміздегі 9 медресе-колледж шәкірттері арасында IV республикалық медресеаралық араб тілі және фиқһ пәндерінен олимпиада басталды.
Олимпиадаға медреселердің 2-3 курс студенттері қатысуда. Осымен төртінші рет өтіп жатқан республикалық білім сайысының ашылу рәсіміне облыстың бас имамы Серікжан Еншібайұы, ҚМДБ Діни білім және кадр дайындау бөлім меңгерушісінің орынбасары Серікбол Аршабаев, осы бөлімнің маманы Жаңабай Қожин, «Ақтөбе» медресе-колледжінің директоры Әбдімүтәлі Қайназарұлы қатысты.
Олимпиаданың ашылуы қасиетті Құран Кәрім оқумен басталды. Одан ары облыстың бас имамы Серікжан Еншібайұы сөз сөйлеп, олимпиада қатысушыларына сәттілік тіледі. Сонымен қатар ҚМДБ Діни білім және кадр дайындау бөлімінің өкілдері олимпиаданың мақсаты мен ережелерін түсіндірді. Олимпиада екі күнге жалғасады.







ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
nurgasyr.kz
29.03.2022
2760
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру