Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы өңірі: Бата беріп жарысты

Алматы аймағы өкілдігінің баспасөз қызметі islamkaz.kz 28.03.2022 3094 0 пікір
Алматы өңірі: Бата беріп жарысты

Алматы облысы Іле ауданының Түймебаев ауылдық «Исмайл ибн Ибрахим» мешітінің ұйымдастыруымен дін мен дәстүрді насихаттау бойынша «Батаменен ел көгерер...» атты ақсақалдар арасында сайыс өтті.

Шара қасиетті Құран аяттарын оқумен басталып, ел амандығы үшін дұға жасалды. Алғашқы сөз Алматы облыстық «Қарасай батыр» мешітінің наиб имамы Дәуренбек Жандосұлына беріліп,  дұғаның қасиеті жайында  уағыз айтып, батаның шынайы ықыласпен  берілу керектігін айтып өтті.

Қазылар алқасы – Алматы өңірі мешіттерінің заңгері Дәулетияр Сағитжан, Іле аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әлдібекұлы Әмзе ақсақал және Ащыбұлақ ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Рүстем Хожалепесұлы ауданның жиырма төрт ауылынан келген батагөй ақсақалдарға төрелік етті. Қариялар әр түрлі тақырыпта баталарын берді. Жүзден жүйрік демекші, әр түрлі тақырыпта өз батасымен елді таңғалдырған Көкқайнар ауылдық мешітінің жамағаты  Тойбекұлы Абдуәли ақсақал бірінші орынға қол жеткізсе (50000 теңге), Екінші орынды Төлеби ауылдық мешітінен Қылышбаев Қайратдин ақсақалға бұйырды ( 30000 теңге). Ал үшінші орынды Казцик  ауылынан келген Әріпбай ақсақал иеленді (20000теңге).

Сайыс сонында Іле ауданының бас имамы Дархан Аманұлы жиналған жамағатқа алғысын білдіріп, расында біз аузы дуалы ақсақалдардың дұғасына мұқтажбыз деді. Қатысушы барлық ақсақалды алғыс хатпен марапаттап, сыйлықтарын табыстады. Сайыс соңында мерекелік дастархан жайылды.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру