Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: РАНТ мүшесі жастармен жүздесті

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 26.03.2022 3130 0 пікір
Маңғыстау: РАНТ мүшесі жастармен жүздесті

ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі, РАНТ мүшесі Батыржан Мансұров Маңғыстау өңіріне сапары барысында жастармен арнайы жүздесті.

Алдымен Батыржан Берденұлы Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығында өткен кездесу қонағы болды. Іс-шараға Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы, «Отпан» ақпараттық-түсіндіру және оңалту орталығының директоры Азамат Нұғманұлы, Жастар ресурстық орталығының басшысы Абылай Фазылбекұлы және жергілікті жастар қатысты.

Кездесу барысында жастық кезеңнің маңыздылығы туралы сөз қозғалып, Батыржан Берденұлы жастарды осы шақта білім алып, еліміздің дамуы мен өркендеуіне қызмет етуге шақырды. Сондай-ақ, түрлі жат ағымдардың жетегінде кетпеудің бірден-бір жолы ретінде, діни ақпараттарды дін қызметкерлерінен алудың қажеттілігіне тоқталды. Жас буын өкілдерінің көкейінде жүрген сұрақтарына РАНТ мүшесі және облыс бас имамы тұшымды жауаптар берді.

Одан кейін РАНТ мүшесі Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің студенттерімен жүздесті.

Білім ордасында өткен іс-шараға облыс бас имамы Әнуар Ізімбайұлы, «Отпан» ақпараттық-түсіндіру және оңалту орталығының директоры Азамат Нұғманұлы мен орталық «Бекет ата» мешітінің наиб имамы, ЖАНТ мүшесі Ахлиддин Мирсайдұлы, сондай-ақ жоғарғы оқу орнының студенттері қатысты.

Батыржан Берденұлы «Діни радикалдану – қоғамға қауіпті құбылыс» тақырыбында дәріс оқып, діни сипаттағы радикализмнің қауіп-қатері мен оның алдын алу мәселелеріне тоқталып өтті. Сондай-ақ жастарға насихат айтып, сауалдарына жауап берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру