Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Талдықорған: Серкені 80 рет көтерді

Талдықорған қаласының орталық «Иман» мешіті taglym.kz 25.03.2022 3906 0 пікір
Талдықорған: Серкені 80 рет көтерді

Талдықорғандағы «Тәубе» мешітінде Наурыз мейрамы айрықша аталып өтілді. Қасиетті Рамазан айының қарсаңында ұйымдастырылған мерекелік шарада қол күрес, асық және садақ ату, гір тасын, 60 келілік серкені көтеру сынды спорттың бес түрінен арнайы жарыс өтті.

Алдымен мереке қарсаңында мешіт ауласында ағаш отырғызылып, аумақ тазаланды. Талдықорған өңірінің бас имамы Алмас Сағидоллаұлы жалпы жұртты Наурыз мерекесімен құттықтап, сайысқа түскен азаматтарға сәттілік тілеп, ізгі тілегін жеткізді. Жамағатқа арнайы ақ дастархан жайылып, жеті түрлі дәннен дайындалған наурыз көже таратылды.

«Тәубе» мешітінің бас имамы Керімбек Дәуітовтың айтуынша, бұл шараның басты мақсаты – төл мерекемізді дәріптеу, имандылық жолында жүрген азаматтардың спортқа деген құлшынысын арттырып, кез-келген жарыстарда қатысуына шабыт беру.

Көпшіліктің көз алдында өткен жарыстың қорытындысы бойынша әр спорт түрінен топ жарған жеңімпаздар марапатталды. Атап айтсақ, жарыста 60 келілік серкені еш қиындықсыз 80 рет көтерген Бақтыбай ауылының тұрғыны Айдын Нұғыманов бірінші орынға лайық деп танылып көтерген серкесін сыйға алса, басқа ойын түрінің жүлдегерлеріне ешкі және 20 мың теңгеден сыйақы берілді. Сондай-ақ екінші орын иегерлері 15 мың теңгеден қаражатты қалталарына салса, үшінші орын жүлдегерлері 10 мың теңгелік сертификаттарға ие болып, тамақтану орындарына жолдама алды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру