Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: Амал мерекесін атап өтті

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 24.03.2022 2814 0 пікір
Маңғыстау: Амал мерекесін атап өтті

Ақтауда Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің ұйытқы болуымен Амал мерекесі кең көлемде атап өтілді.

Құлшылық үйінің ауласында киіз үйлер тігіліп, ұлттық салт-дәстүр дәріптеліп, күрес, қол күресі, гір көтеру, арқан тартыс, асық ату, ләңгі тебу сынды спорттық ойындар өткізіліп, жиналған жұртшылықтың көңілін көтерді.

Облыс бас имамы Әнуар Ізімбайұлы спорттық ойындардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін діни сыйлықтармен марапаттады.

Жиналған көпшілік осындай іс-шараны ұйымдастырған дін қызметкерлеріне алғыстарын айтып, дән риза болып қайтты.

Іс-шараның өтуіне қолдау көрсеткен Маңғыстау қажылары қауымдастығынына және Маңғыстау облысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдеріне алғыс білдіреміз.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру