Шымкент орталық мешіті мен қалалық Дін істер басқармасы бірлесіп «Әз-Наурыз – Түркі жұртының мерейлі мерекесі» атты рухани мерекелік шарасын ұйымдастырды.
Мерекелік шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы, қалалық Дін істер басқармасының өкілдері мен наиб имамдар, қалалық «Әйел-қыздар» секторы, «Әжелер» мектебінің мүшелері мен мешіт жамағаты қатысты.
Бас имам Бақдәулет Нұрматұлы ҚМДБ Төрғасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының құттықтау лебізін жеткізіп, мерекемен құттықтады.
Мерекелік шараны наиб имам Мұхамеджан Естеміров пен дінтанушы Азамат Әбдікерімұлы жүргізгіп, наурыз туралы хабарлама жасады.
Рухани мерекелік шара барысында «Дені саудың – жаны сау» атты ұлттық спорттық ойындар мерекенің әрін кіргізді. Яғни, қол күрес, арқан тартудан, кіртасын және қой көтеру сынды сайыстар өткізілді. Жеңіс әділ өту үшін қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасынан арнайы төреші шақыртылды. Осы спорттық шарада қой қөтеру жарысында Түркістан облысы, Түлкібас ауданының тумасы Есембаев Оралхан Мәдиханұлы 51 келі қойды 101 рет көтеріп, жеңімпаз атанды. Жарыс соңында жеңімпаздарға өкілдіктің арнайы дипломы мен кәде-сыйлықтары табыс етілді.
Сондай-ақ, барша келуші жамағатқа наурыз көже мен бауырсақ ұсынылып, өткен ата-бабалар рухына Құран бағышталып, дұға-тілек жасалды.





















ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі
iman.kz
20.03.2022
3269
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру