Алматы қаласында «БҰҰ моделі «MIS MUN-2022» халықаралық конференциясы ұйымдастырылды. Ауқымды шараға еліміздегі колледждердің ішінен алғаш рет «Үшқоңыр» медресе-колледжінің студенттері қатысты.
Біріккен Ұлттар Ұйымының мұрындық болуымен өтетін конференцияда биыл «Жаһандық азаматтық: жас ұрпақтың таңдауы және жаңа сын-қатерлер» тақырыбында мәселелер қозғалды.
«MIS MUN-2022» конференциясы салмақты нақты мәселелерді талқылауға бағытталған, атап айтқанда адам құқықтары, экономикалық, қоршаған орта, дүниежүзілік денсаулық сақтауды ұйымдастыру, ғылым және технологиялар жөніндегі жұмысы ұсынылды. Конференция қазіргі заманның жаһандық проблемаларына жастардың назарын аудара отырып, халықаралық құқық және қауіпсіздік, мемлекеттердің экономикалық және әлеуметтік дамуы саласындағы білімдерін кеңейте түсуді көздейді. Медресе студенттері Шұғыла Серік, Рыскүл Яхшилик және Ажар Әбдікерім халықты вакцинациялауға байланысты мәселелерді шешу, дәрі-дәрмектердің «қара нарығының» пайда болуын болдырмау мүмкіндігі тақырыбы аясында тақырыптарын қорғап жүлделі орындарға ие болды. Медресе-колледж шәкірттерінің халықаралық деңгейдегі конференцияда биік орындарға қол жеткізуі колледж басшылығы мен ұстаздарының да жетістігі екені даусыз.
«MIS MUN-2022» конференциясы жас делегаттардың өзара қарым-қатынасын, сонымен қатар БҰҰ, ЮНЕСКО, Қазақстан Республикасындағы шет мемлекеттердің елшіліктері мен консулдықтарының, халықаралық ұйымдардың өкілдерімен байланыс аясын кеңейтуге мүмкіндік берді.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
muftyat.kz
20.03.2022
2919
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру