«Бата беру» күніне орай Ақтөбе облысының Шалқар ауданы «Бегімбет» ауылдық мешітінің имамы Нұрдәулет Әуезовтың ұйымдастыруымен «Дін және дәстүр» бағыты аясында іс-шара өтті.
Аталған шарада ата-аналар мен балалары бата беруден сайысқа түсті.
Додадағы әділ қазылардың төрағасы Шалқар ауданыныңбБас имамы Бақыт Абдиисламұлы: «Бата беру – қазақ халқының ежелгі салт-дәстүрінің бірі. Ең қастерлі құндылығымыз – батаның айтар ойы терең, ниеті түзу, сөзі нәрлі, көпке тигізер шапағаты мол. «Батаменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер» деген сөз тегін айтылмаса керек» деп игі шараның маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ балалар жылы аясында осындай шаралардың ұйымдастырылуы арқылы жастарға дін мен дәстүрдің – егіз ұғым екенін түсіндіре аламыз дейді.
Жарыс ережесіне сай 1-4 сынып аралығында оқитын 3 оқушы, сонымен қатар 3 ата мен 6 әже қатысқан бата беру бәйгесінің үздіктері анықталып, серитификаттар табыс етілді.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
nurgasyr.kz
17.03.2022
3452
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру