Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жамбыл: Мешіт құрылысымен танысты

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі asyldin.kz 14.03.2022 2759 0 пікір
Жамбыл: Мешіт құрылысымен танысты

Жамбыл облысының бас имамы  Бейбіт Әліпбекұлы Шу өңіріне жасаған жұмыс сапары барысында Ақтөбе ауылындағы «Жылғабек» жаңа мешітінің құрылысымен танысты.

Ел игілігіне берілуге аз қалған Алла үйінде Бейбіт Әліпбекұлына ауыл имамы Әбусейіт Қоспанов пен ауыл ақсақалдары жұмыстың жайын айтып, атқарылған жұмыстарды мәлім етті. Өз кезегінде бас имам кеңесін беріп, жұмыстарға табыс тіледі.

Алтын уақытын қиып, ауылға келген облыстың бас имамына ауыл үлкендері алғысын айтып, батасын берді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру