Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Теміртау мешіттерінде қайырымдылық жәрмеңкесі өтті

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі ihsan.kz 13.03.2022 3357 0 пікір
Теміртау мешіттерінде қайырымдылық жәрмеңкесі өтті

Күндердің сұлтаны болған қасиетті жұмада Теміртау қаласының Әлихан Бөкейхан атындағы орталық мешіті мен Жақып Ақбай атындағы қалалық мешітінде қайырымдылық жәрмеңкесі өтті.

«Сауап» еріктілер орталығының атсалысуымен жайылған жәрмеңке сөрелері жұма намазына келген жамағатқа түрлі тағамдар ұсынып, сауапқа толы сауда жасауға септігін тигізді.⠀

Айта кетейік, Жақып Ақбай атындағы Теміртау қалалық мешітінде биылғы жылы да күрделі жөндеу жұмыстары жалғасын табады. Осыған орай қайырымдылық жәрмеңкесінен түскен қаражат толықтай аталмыш игі мақсатқа жұмсалмақ.

Енді қайырымдылық жәрмеңкесі әр апта сайын жұма күндері тұрақты түрде ұйымдастырылып тұрады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру