Семей аймағына қарасты Жарма ауданының әкімі Нұрымбет Аманұлы мешіт имамдарымен кездесті.
Аудан имамы Тимур Қайдарұлы әкімге діни ахуалды баяндап, атқарылып жатқан жұмыстарды таныстырды. Аудандағы жат діни ағымдармен жұмыс, мешіт қызметтері, зираттарды бір ізділікке түсіру, ел бірлігі талқыланды.
Имамдар көкейіндегі жүрген сұрақтарын қойып, аудан әкімінің жауабына ризашылығын білдірді. Осылай діни ахуалды біліп, имамдардың жұмысымен танысуға келген аудан әкімі Нұрымбет Аманұлына мешіт ұжымы алғыс білдіріп, батасын берді.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Абай Құнанбайұлы атындағы Семей орталық мешітінің баспасөз қызметі
alashdin.kz
13.03.2022
3602
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру