ҚМДБ-ның Қызылорда облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен «Діни оңалту жұмысының заманауи әдіс-тәсілдері» тақырыбында оқыту семинары өтті.
Семинар спикері Республикалық ақпарат-насихат тобының (РАНТ) мүшесі, қалалық «Айтбай» мешітінің бас имамы Дастан Құрманбаев діни оңалту бағытында жұмыс атқарушы имамдарға ақида, фиқһ ілімдері бойынша тартысты мәселелерді талдап, оларды шешу жолдарын түсіндірді, деструктивті діни ағым өкілдерімен сұқбат құру барысында тиімді тәсілдер қолдану бойынша білім-тәжірибесін бөлісті.
Мамандарға арналған білім жетілдіру курсы тақырып аясындағы ұсыныс-пікірлерді талқылауға ұласып, қатысушыларға сертификат табыстаумен тәмамдалды.







ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
aqmeshit.kz
11.03.2022
2731
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру