Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: «Жылу сыйла» 73 отбасыны қуантты

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі aqmeshit.kz 10.03.2022 2505 0 пікір
Қызылорда: «Жылу сыйла» 73 отбасыны қуантты

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Қызылорда облысындағы өкілдігінің ұйытқы болуымен «Жылу сыйла» қайырымдылық акциясы өткізілді.

Қаңтар және ақпан айларында жүзеге асырылған игі шараға атсалысқан Сыр имамдары мен белсенді жамағат 73 мұқтаж отбасыға 78 тонна көмір жеткізіп берді.

Айта кетейік, қордың бастамасымен жылу маусымында отын-көмір сатып алуға шамасы келмейтін тұрмысы төмен отбасыларға көмек көрсету мақсатында «Жылу сыйла» қайырымдылық акциясы бастау алған болатын. Аталмыш бастама Сыр имамдары тарапынан қолдау тауып, жыл сайын дүстүрлі түрде ұйымдастырылуда.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру