Батыс Қазақстан облыстық орталық мешітінің ұйымдастыруымен Ақжайық өңірінің имамдары «Дархан дала» жобасын насихаттау мақсатында киелі Түркістан төріне арнайы барды.
Рухани саяхатқа БҚО өкілдігінің мешітінің бас имамы Бақытжан Құралбайұлы мен наиб имам Мейрамбек Абдрахманов, Тәжіден Батырұлы атындағы Орал қалалық мешітінің наиб имамы Ринад Акимов, Жаңақала аудандық мешітінің бас имамы Жомарт Лұқпанов, Бөрлі аудандық мешітінің бас имамы Ерлан Әйтенов қатысты.
Имамдар Түркістандағы «Қожа Ахмет Яссауи» кесенесін зиярат етіп, баба рухына Құран бағыштады. Кейін кесене ішін аралап, тынысымен танысты.
Жоба мақсаты – халық арасында дін мен дәстүрімізге сай киелі орындарды зиярат ету мәдениетін қалыптастыру, халыққа шариғат әдебін сақтауды үйрету.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
БҚО бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі
islam-oral.kz
08.03.2022
3126
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру