Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешіті қасиетті үш ай қарсаңында жамағатты бірлікке үндейтін игі іс-шаралар ұйымдастыруда.
Бейсенбі күнгі ауызашарға Әулиекөл аудандық «Әмит ишан» мешітінің жамағаты шақырылып, дастархан жайылды.
Шарада салт-дәстүрімізге сәйкес ұлттық ойындар ойнатылды. Оның ішінде «Асық ату», «Жілік сындыру» және «Арқан тарту» бойынша сайыс өткізілді.
Соңында жеңімпаздар марапатталып, бата жасалды. Бұл басқосудың ең басты мақсаты – жамағат бірлігі мен татулығы, оның тұтастығы мен ауыз біршілігін нығайту. Арнайы келген қонақтар ризашылығын білдіріп тарқасты.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қостанай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
akmechet.kz
05.03.2022
2453
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру