Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Талдықорған: Бас имам студенттермен жүздесті

Талдықорған қаласының орталық «Иман» мешіті iman.kz 05.03.2022 2394 0 пікір
Талдықорған: Бас имам студенттермен жүздесті

ҚМДБ Жастар ісі секторының Талдықорған өңіріндегі өкілдігінің ұйымдастырумен І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Жастардың діни сауаттылығы мен қазіргі қоғам» тақырыбында студенттермен кездесу өтті.

Жастардың діни сауатын көтеру мақсатында ұйымдастырылған шараға Талдықорған өңірінің бас имамы Алмас Сағидоллаұлы, дінтанушы Жаңабай Сағыныш және осы оқу орны басшысының жастар саясаты жөніндегі проректоры Болат Абдулдаұлы қатысты.

Бас имам студент жастарға салт-дәстүрімізбен біте қайнасып кеткен асыл дініміздің негізгі құндылықтары жөнінде насихат айтып, тұшымды пікірін жеткізді.

Кездесу соңында студенттер тарапынан сұрақтар қойылып, тың ойлар мен ұсыныстар айтылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру