Қарағанды облысы Теміртау қаласының имамдары жергілікті сауда орталықтарының бірінде өткен «Жомарт жұма» акциясына қатысты.
Қасиетті жұма күнінің қарсаңында «БУМ» сауда үйінде орналасқан «Richman» киімдер дүкені арнайы жеңілдіктер негізінде тұтынушыларға қолжетімді бағада өз тауарларын ұсынды.⠀
⠀
Теміртау қаласының Бас имамы Естай Айтуғанұлы бастаған бір топ имамдар діни басқарманың игі бастамасына үн қосып отырған «Richman» дүкені әкімшілігіне өз алғыстарын айтты.⠀
⠀
Естеріңізге сала кетсек, нарық жүйесінде үрдіске айналып кеткен «Black friday / Қара жұма» акциясының атауын ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Жомарт жұма» деп өзгерту жайлы ұсыныс айтқан болатын.⠀




⠀
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ihsan.kz
25.02.2022
2429
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру