ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасына сәйкес Шымкент орталық мешітінде «Азан және Қирағат» рухани орталығы ашылды.
Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов аталмыш орталық жұмысымен арнайы танысып, әрі қарай жетілдіру туралы нақты міндеттемелер жүктеді.
«Негізгі мақсат - мешіт мұнарасынан күніне бес рет айтылатын азан әуені мен тәжуид-қирағатын дұрыстап, ретке келтіру болып саналады. Азан тарихы мен ережесін түсіндіру және азаншының міндеттері сынды қажетті ақпараттар беріледі» дейді наиб имам Мұхамеджан Естеміров.
Аталмыш орталықта Шымкент орталық мешітінің ұстазы, әйгілі Әл-Азһар университетінің түлегі Нұрсұлтан қари Мемедалиев, Мейірбек қари Сәрсенбаев, Дәулет Түленовтар дәріс береді.
Айта кетсек, Шымкент қаласы бойынша 89 мешіттің 260-тан астам қызметкері аталмыш «Азан және Қирағат» рухани орталығына келіп азан үйрену бойынша қысқа мерзімді курсқа қатысып, тағылымдамадан өтеді.






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі
iman.kz
24.02.2022
3454
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру