ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Діни басқарманың кеңейтілген Төралқа мәжілісінде 2022 жылы атқарылатын жұмыстардың жеті бағытын бекіткен болатын. Соның ішінде діни білім және ғылым бағытына ерекше көңіл бөлу қажеттігі айтылды. Осыған орай, Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде өткізіліп жатқан «Раббым, білімімді арттыр» атты ақпараттық-танымдық семинар жұмысын аяқтады.
Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы жергілікті имамдарға екі күндік семинарды тәмәмдағанын куәландыратын сертификаттарды табыстай отырып, оларды алдағы уақытта да білімдерін шыңдауға шақырды.
Өз кезегінде дәріс алған дін қызметкерлері іс-шараны ұйымдастырған өңір бас имамына және Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің ұжымына алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі
beket-ata.kz
24.02.2022
2570
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру