Сауат ашу жұмыстарын жандандыру бір жағы діни сауаттылықты арттырса, екінші жағынан жат ағымдардың алдын алу жұмысын жетілдіреді. Осыған орай, елордадағы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде жыл басында сауат ашу жұмыстарының жаңа маусымы ашылған болатын.
ҚМДБ Әйел-қыздар секторының елордадағы жетекшісі Айгүл Көксегеннен білім алған 42 шәкірт Құран әліппесі мен тәжуидті тәмамдап, Құран оқуға кірісті. Сауат ашу курсының бұл жетістігі жайлы «Астана» медресе-колледжінің қыздары бөлімінің ғимаратында өткен «Құран – нұрдан тәж» атты рухани кеште мәлім болды.
Шәкірттерге дін мен дәстүр сабақтастығын насихаттаған рухани кеш қайырымдылық шарасына ұласты.







ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
sunna.kz
22.02.2022
3151
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру