«Ислам – бірлік пен ынтымақ діні» жылына орай Қарағанды облысы Саран қалалық мешітінің ұйымдастыруымен кіші футболдан турнир өтті.
«Бірлігіміз жарасқан» деген ұранмен өткен турнирге мешіт жамағаты мен шәкірттерден құралған сегіз, нақты айтқанда Саран қаласынан 6, Ақтас кентінен 2 команда қатысты.
Турнир нәтижесіне келсек, жүлделі 1-орынды «Саран мешітінің шәкірттері» командасы иеленсе, 2-орын «Болота» командасына бұйырды. Ал жүлделі 3- орынды «Саран мешіті» командасы еншіледі. Сондай-ақ қосымша "Үздік ойыншы","Үздік қақпашы" , "Үздік шабуылшы" , "Үздік қорғаушы", "Сұрмерген" номинациялары берілді.
Сондай-ақ Саран қаласының Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв мектебінің басшысы Райымбек Өмірбекұлына және Оқу жұмысы жөніндегі басшының орынбасары Талғат Қуатұлына Саран мешітінің атынан қасиетті Құран кітабы сыйға берілді. Жарыс соңында аймақ имамы Мұхамметқали Саликов жастарға батасын беріп, насихат айтты.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі
ihsan.kz
21.02.2022
2779
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру