Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: РАНТ мүшесі – Шалқар ауданында

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 21.02.2022 2819 0 пікір
Ақтөбе: РАНТ мүшесі – Шалқар ауданында

Ақтөбе облысының Шалқар ауданына РАНТ мүшесі, Тараз қалалық «Әзірет Әли» мешітінің бас имамы Ғазиз Ахмет келіп, 300 адаммен жалпы кездесу өткізді.

Сапар барысында Ғазиз Нұртайұлы «Ихсан ілімі – рухани тәрбие негізі» тақырыбында ақсақалдарға және мешітжамағатына,  еріктілерге ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, рухани дертке бой алдырмау жолындағы күресті атады.

Сонымен қатар «Жанаман ахун Сейітімұлы» мешітінде бесін намазын жүргізгеннен кейін мешітке қолдау білдірген кәсіпкерлермен жүздесіп, «Мешіт – мұсылманның үйі» тақырыбында уағыз айтып,  қайырымдылық жасауда мұрындық болған азаматтардың қандай сауапқа кенелетіндігі туралы тоқталды.

Ал ақшам намазынан соң аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінде жамағатқа «Бірлігі жарасқан» атты шара ұйымдастырылды. Оған  қала тұрғындары мен ақсақалдар және жамағат қатысты. РАНТ мүшесі аталған басқосуда «Дін исламда ауызбіршіліктің маңызы»аясында уағыз айтып,  кемел мұсылман болу жолдарына жіті назарға алып, қойылған  сұрақтарға дін мен дәстүр аясында толығырақ жауап берді. 

Іссапар облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінде  таң намазын жүргізумен жалғасын тапты. Одан кейін «Жұмадағы жүздесу» бағдарламасында қонақ болып, «Туыстық қарым-қатынасты нығайтудың 5 сыры» тақырыбында сүбелі сұхбат берумен қортындыланды. Бағдарлама барысында шариғаттағы туыстық-қатынастың үкімі мен дәстүр даналығы, тамыры терең туыстық, бүгінгі қоғамдағы туысқандармен қарым-қатынас мәселері туралы  қамтылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру