Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Шейх Кунта қажы» мешітінде қазақ тілін үйрену курсы басталды

muslim.kz 19.02.2022 2979 0 пікір
«Шейх Кунта қажы» мешітінде қазақ тілін үйрену курсы басталды

Елордадағы «Шейх Кунта қажы» мешітінде игі жобаның тұсауы кесіліп, алғашқы отырысы өтті.

Мешіт бас имамы Ибрагим Сматаевтың ұйытқы болуымен және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен «Қазақ тілін үйрену» тегін курсы өз жұмысын бастады.

Құлшылық ордасы жамағатының көбі өзге ұлт өкілі болғандықтан «Қазақ тілін үйрену» курсы бастала салысымен өтініш білдіргендердің саны 20-дан асып жығылды. Арнайы бекітілген ұстаз Алмас Серікұлы мемлекеттік тілді үйренуге ықылас білдірген жамағатпен жүздесу өткізіп, жалпы курс жөнінде мағлұмат беріп өтті.

Шара соңында мешіт бас имамы Ибрагим Сматаев жобаның жемісті болуын тілеп, жамағатпен бірге дұға жасады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру