Алматы аймағына қарасты Іле ауданында азаншылар жарысы өтті.
Қоянқұс ауылында өткен байқауға ауданға қарасты ауылдардан 25 азаншы қатысып, бақ сынады. Ізгі шараның ашылуында Іле ауданының бас имамы Дархан Аманұлы қатысушыларға сәттілік тілеп, азан айту сауабы жайында насихат айтты.
Байқауға Іле ауданының білікті де, білімді ұстаздары төрешілік етті. Бірінші орынды Междуреченск ауылдық мешітінің шәкірті Серікұлы Нұрбек қанжығасына байласа, екінші орынды Түймебай ауылдық «Исмайл ибн Ибрахим» мешітінің шәкірті Лалаев Сухрап иеленді . Ал үшінші орынды Құйған ауылдық мешітінің шәкірті Жайлаубаев Азамат қанағат тұтты.
Жарыс соңында арнайы Құран аяттары оқылып, қаңтар айында қыршын кеткен азаматтардың рухына дұға бағышталды.






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Алматы аймағы өкілдігінің баспасөз қызметі
islamkaz.kz
18.02.2022
3584
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру