Маңғыстау облыстық Дін істері басқармасының басшысы Мақсатбек Шахзадаұлы және Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы Жаңаөзен қаласына арнайы барып, жергілікті ғибадат үйлерінің тыныс-тіршілігін бақылап қайтты.
«Ырыс алды – ынтымақ» тақырыбы аясында өткен іс-сапар барысында Мақсатбек Шахзадаұлы және Әнуар Ізімбайұлы орталық «Әбіш қожа» мешіті және «Шаңырақ» қалалық мешіті секілді құлшылық үйлерін аралады.
Жаңаөзен қаласының бас имамы Юнус Қадырқұлұлы бастаған дін қызметкерлерімен болған жиында жергілікті жамағатты ынтымақ пен ауызбіршілікке, келісім мен бірлікке, достық қарым-қатынасқа шақыру сияқты мәселелер қарастырылды.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі
beket-ata.kz
17.02.2022
2718
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру