Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Талдықорған: Жұмыс жоспары пысықталды

Талдықорған өңірі өкілдігінің баспасөз қызметі 17.02.2022 2562 0 пікір
Талдықорған: Жұмыс жоспары пысықталды

Талдықорғандағы орталық «Иман» мешітінде облыстың бас имамы Алмас Сағидоллаұлының төрағалығымен ҚМДБ Талдықорған өңірі өкілдігіне қарасты аудан-қала имамдарының жиыны өтті.

Жиын барысында биылғы жылдың жұмыс жоспары пысықталды. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен жарияланған «Ислам – ынтымақ және бірлік діні» жылы аясында атқарылар айтулы, жалпы, негізгі шаралар жайында ой-пікірлер ортаға салынды. Сондай-ақ ақпан айының соңына Талдықорғанда өтетін республикалық конференцияның жай-жапсары талқыланды.

Жиын соңында нақты тапсырмалар берілді. Өңірдің діни ахуалын көтеретін бірқатар жұмыстар іске асырылады деп күтілуде.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру