Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Тараз: Университет мамандары дәріс оқыды

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі asyldin.kz 15.02.2022 2555 0 пікір
Тараз: Университет мамандары дәріс оқыды

Қазір қоғам үшін көзге көрінбейтін қауіпті шабуылдың бірі діни жат ағымдар тарапынан жүріп жатқаны белгілі. Діни радикализмді жұқтырған жамағатты оңалтуға қарағанда, оның алдын алу аса маңызды болмақ. Қаралы қаңтар оқиғасы да елді әрі-сәрі күйге салып, дін мамандарына жауапкершілікті арта түскендей.

Осы орайда Нұр-Мүбарак университетінің мамандары – Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл орталығының директоры, теолог Тимур Нүсіпханұлы мен оқытушы Нұржан Смағұлов Жамбыл облысында арнайы дәрістер өтуде. Атап айтқанда, Жамбыл облысы Қордай ауданы Сарытөбе ауылында орналасқан ҚМДБ-ның Имамдар үйінде аудан, ауыл имамдарына арналған «Дерадикаландырудың заманауи тәжірибелері және оңалту жұмыстарының тәсілдері» атты біліктілікті артыру курсы ұйымдастырылды.

Қазір елімізде діни тұрақтылықты нығайту, тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру, дәстүрлі құндылықтарды насихаттау, деструктивті діни ағымдардың таралуының алдын алу, тағы да өзге діни түйткілдер өзекті күйінде. Сондықтан Нұр-Мүбарак университетінің білікті мамандары имамдарға қоғамда жиі кездесетін түйткілдер төңірегінде дәріс оқып, бағыт-бағдар берді. Бұл имамдардың жан-жақтылығын арттырумен қатар, жат ағымдарға қарсы біліктілікпен тойтарыс беруге зор мүмкіндік екені анық.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру