Ақтөбе облысы Хромтау аудандық «Нұр» мешітінде «Әдемі әуезді азан» жарысы өтті.
Хромтау ауданының бас имамы Ерік Сұлтанов іс-шараны өткізудің мақсаты туралы: «Азан үні хикметке толы исламның бір кереметі саналады. Азан тыңдаған адам бар мұңын ұмытып, жан дүниесі рахат күй кешеді. Біздің бұл сайысты өткізудегі мақсатымыз – шәкірттердің азан айту шеберлігін шыңдау, азанға деген махаббатын арттыру», – деп атап өтті.
Жарыстың ашылу салтанатында аудандық мешіттің ақсақалы Нәдірхан Бейсембекұлы ақ батасын беріп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сайысқа аудандық және ауылдық мешіттердің шәкірттері қатысып, азан айту шеберлігін көрсетті. Әйтеке би ауданының бас имамы Ғабидолла Тілесұлы, Қарғалы ауданы Желтау ауылдық мешітінің имамы Айбек Бейсембайұлы және Хромтау аудандық «Нұр» мешітінің ұстазы Досхан қажы Әлімханұлы әділқазылар құрамында болды.
Жарыс қортындысы бойынша Тілеген Талғатұлы бас жүлдені, Арман Абдумажит І орын, Қайсар Серікұлы ІІ орын, Айбек Серікбаев ІІІ орынды жеңіп алды. Басқа да қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
nurgasyr.kz
15.02.2022
2767
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру