Батыс Қазақстан облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханада «Дін имандылыққа жетелейді» тақырыбында кездесу кеші өтті.
Кездесуге Орал облыстық орталық мешітінің бас имамы Бақытжан Құралбайұлы қатысты.
«Дін – адамды Алланың даналыққа құрылған таңғажайып жаратылысынан ғибрат алуға, өмірдегі мақсаты мен міндетін айқындап беретін Құдайға құлшылық етуге тәрбиелейтін ұлы жол. Ислам адамға екі дүниенің қуанышы мен сыйына, бақыты мен берекетіне жетейлін тура жол көрсетеді. Адамның бүкіл өмірін, амалын ізгілікке, қайырымдылыққа бағыттайды. Тарихта дінсіз, яки имансыз адам болғанымен, дінсіз қоғам болмаған. Себебі адам баласы сенімге мұқтаж» деді Бақытжан Құралбайұлы.
Кеш соңында оқырмандар бас имамға көкейінде жүрген сауалын қойып, тұщымды жауаптар алды. «Дін бірлігі – татулық негізі» кітап көрмесі таныстырылып, оқырмандар назарына ұсынылды.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
БҚО өкілдігінің баспасөз қызметі
islam-oral.kz
15.02.2022
3425
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру