Наиб мүфти, ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде Павлодар қаласына қарасты мешіт имамдары мен ұстаздарына арнайы семинар өткізді.
Семинарда имамдарға еліміздің дінге қатысты заңнамалары мен ресми құжаттар, соған қатысты шыққан шешімдермен толық таныс болу, ҚМДБ-ға қарасты телеарна, газет, журнал, электрондық БАҚ-тарды үзбей оқып, білімін жетілдіріп отыру, ҚМДБ бекіткен барлық пәтуаларды толық білудің қажеттілігі баса айтылды.
Сонымен қатар заманауи біліммен қарулану, әлеуметтік желілердегі әдептілік, желілерді дұрыс пайдалана білу және желілерде қасиетті дінімізді насихаттау бағытында көптеген кеңестер берілді.
Семинар соңында имамдарға ҚМДБ шығарған пәтуалар жинақтары табысталды.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі
15.02.2022
2775
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру