Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Darhan Dala» жобасы аясында Қостанай облысының бас имамы, Бахытбек Тәжімбет бастаған дін қызметкерлері Қостанай ауданында орналасқан ұлт ұстазы, ағартушы Ыбырай Алтынсариннің кесенесіне зиярат жасады.
Имамдар саналы ғұмырында сәулелі жұлдыз іздеген ағартушы-ұстаздың рухына Құран бағыштап, ел амандығы үшін дұға жасады.
«Еліміздің имамдары былтырдан бастап отандық туризмді қолдау мақсатында киелі мекендерге зиярат жасауда. Бүл жобаның қазіргі таңдағы маңызы мен мәні айрықша. Облыстық мешітте ұйымдастырылған қалалар мен аудандардың басқосуында тілге тиек етілді. Біздің облыста да алыс-жақыннан келетін мәртебелі қонақтар мен өскелең ұрпаққа көрсететін танымдық-тағылымдық жағы мол киелі орындар баршылық» дейді бас имам Бахытбек Тәжімбет.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
akmechet.kz
14.02.2022
3256
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру