Шымкент қаласы бас имамының орынбасары әрі «Халал Дамудың» жергілікті бақылаушы өкілі Қазыбек Сарыбаев «Шымкент» медресе-колледжінде «Адал ас – денсаулық кепілі» діни танымдық семинарына қатысып, дәріс оқыды.
Семинар жұмысы ерлер және қыздар бөліміне арнайы өтті. Қазыбек Сарыбаев шәкірттерге ҚМДБ-ның халал бағытындағы жұмыстары жөнінде жан-жақты ақпарат беріп, кеңінен түсіндірді. Соның ішінде қасапшылықтың қыр-сыры мен мал союдың шариғаттағы талап-ережелері, шұжық өнідірісі, тәтті өнімдер өндіру ісі, түрлі қоспалар т.б.
Игі шара аясында Шымкент» медресе колледжінің директоры Талғат Әсембай қалалық «Халал Дамудың» бақылаушы өкілі Қазыбек Сұлтанбекұлына алғыс айтып, ризашылығын білдірді.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі
iman.kz
11.02.2022
3217
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру