Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Құрманғазы ауданына сапары аясында 6 отбасына пәтер кілтін табыс етті.
Баспана кілттері Райгүл Адырапова, Айнагүл Аманова, Анаргүл Жұмағазиева, Данагүл Сариева, Меңдібай Мұғаловқа табысталды.
«Жанашыр халқымыздың, мешіттеріміздің үлесімен баспаналы болып отырсыздар. Баспана іші құт-берекеге толсын! Ел үшін еңбек ететін салиқалы ұрпақ өсіп-өнетін шаңырақ иелері болуды нәсіп еткей!» деді Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.
Айта кетейік, ҚМДБ бірнеше жылдан бері «Ел үлесі – пәтерге» жобасын жүзеге асырып келеді. Аталған жоба аясында әлеуметтік жағдайы төмен, мұқтаж отбасыларға және дін қызметкерлеріне баспана беріліп келеді.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
amin.kz
08.02.2022
2867
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру